Жұмыстар бойынша есептемелер

Жұмыстар ағынында есептемелердің бірнеше түрі бар. Есептемені құру үшін принтер бейнеленген батырманы басу қажет. Осыдан кейін есептеме түрін таңдау мәзірі шығады.

Figure 5.34. Жұмыстар бойынша есептемелер құру мәзірі

Жұмыстар бойынша есептемелер құру мәзірі

Бөлектелген топтың жұмыстары

Қандай да бір жобаға немесе жұмыстар топтарына қатысты жұмыстар бойынша есептеме алу мүмкіндігін береді. Ол үшін қажетті жұмыс тобын таңдап, «Бөлектелген топтың жұмыстары» пунктін таңдау қажет. Құрылған есептеме түсініктемеден, мерзімнен, орындалу ілгерілімінен және ағымдағы бөлектелген топ жұмысының мәртебесінен құралады.

Figure 5.35. Бөлектелген топтың жұмыстары бойынша есептеме

Бөлектелген топтың жұмыстары бойынша есептеме

Бөлектелген топтың жұмыстары (rtf)

Берілген мәзір пункті бөлектелген топтың жұмыстары бойынша есептемені rtf пішініне экспорттайды.

Бөлектелген топтың жұмыстары (xls)

Берілген мәзір пункті бөлектелген топтың жұмыстары бойынша есептемені Excel пішінінде құрады.